Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістан мен Бангладеште тасқынның беті қайтар емес

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2024
  • 167

Үндістанда тасқын салдарынан 65 мың адам үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір олар уақытша лагерьлерді паналап жатыр. Барлығы – елдің шығысындағы Трипура штатының тұрғындары. Мұнда ауа райына байланысты қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланған. Аймақта тасқыннан 23 адам опат болды. 1 миллион 700 мың тұрғын зардап шеккен.

Штатпен шекаралас Бангладеште тасқын зардабын тартып отырғандар одан да көп, 3 миллион адамға жуықтайды. Мұнда да нөсер толастар емес,- деп хабарлайды 24.kz.