Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде шетелдік жоғарғы оқу орнына түскен жүзден аса студент оқудан шығып қалды

Британдық Хериот-Уатт университетінің Ақтөбедегі кампусына түскен 107 студент бір мезетте оқудан шығып қалды. Олар семестрден білім сапасының төмендігіне орай өте алмапты. Бірақ бұл хабарды жаңа оқу жылы басталуына бір жеті қалғанда ғана естіп, төбесінен жай түскендей болған. Осыған дейін мемлекеттік грантпен білім алып келген студенттер енді далада қалдық деп шырылдайды. 

Шетелдік университет былтыр 300 студентті техникалық мамандықтар бойынша тегін оқуға қабылдайды. Олар бірінші семестр толықтай тіл үйренеді. Екінші семестрден бастап негізгі сабақтарды оқиды. Бірақ жуырда жүз жеті студент «Сіз екінші курсқа өтпедіңіз» деген хабарлама алыпты.

Нұргүл БІТЕНАЛИНА, АТА-АНА:

11 сыныпты бітіріп,ент жоғары бал жинап, грант ұтып алдық. Біз Жұбановқа келдік. Алдымыздан осы Британдық университет алдымыздан шығып, балдарды ата-ананы үгіттеп, осында түсіндер деп елу балдан асқан баланы, ағылшын білмейтін баланы да алды. Барлығын үйретеміз деп бүткіл барлығын үйіп төгіп берді. Грант ұтып алып тұрып, бір жылдан кейін далада қалып тұр.

Әсем ҚАЛБИНОВА, АТА-АНА:

Хериотта бір жыл оқып не үшін грант ұтып алып, біз сіздердің сапаларыңыз жетпеді. Оқу бағдарламасына сіздер сай емессіңдер деп 107 балан шығарып тастауы. Еще бізге сабақ басталуға бір апта қалды қазір оны естуіміз керек. 2-3 ай бұрын бізге неге ескетпеді.

Оқу орнында дәрістер тек ағылшын тілінде жүргізілген. Ата-аналар балалардың барлығы шет тілді жетік білмегенін мойындап отыр. Бірақ ұстаздардың өздеріміз үйретеміз дегеніне сеніп қалғандарын айтады.

Жәмила ҚАЗМАҒАМБЕТОВА, АТА-АНА:

Біздің таң қалатынымыз сапа нашар болса, оқытушылар жағынан да сапаның нашарлығы деп білеміз. Неге кеше осында жиналғанда балдардан хабар естіп отырмыз. Мұғалімдер тарапынан да сабақ болмаған жағдайлар болған екен.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет басшылығы жағдайдан хабардар. Бұл студенттердің сессияны тиісті деңгейде тапсыра алмағандығынан дейді.

Дастан ХУСАИНОВ, Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨУ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:

Мемлекеттік грант ұтудың бір шарты- курстан курсқа өту. Егер студент курсқа өте алмаса гранттан заңды түрде айырылады. Өте алмаған балаларымыз екінші курсқа Жұбанов университетіне яғни Херуот халықаралық кампусына емес Жұбановқа тиісті мамандықтарға көшуге мүмкіндіктері бар.

Айта кету керек студенттер тек 2-ші курсты тегін оқи алады. Ал үшінші, төртінші курс ақылы болады.