Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында Торақ биге арналған белгітас қойылды

Кенесары ханның кеңесшісі Торақ биге арналған белгітас қойылды. Ескерткішті Алтай-Кенжеқара руынан шыққан бабаның ұрпақтары орнатты. Көне бейітті өткен жылы бұрынғы Шнет ауылының тұрғындары тапқан еді. 

Тарихи-мәдени мұралар қатарына қосылған жәдігер Целиноград ауданы Рақымжан Қошқарбаев ауылының маңына қойылды. Екі ғасыр бұрын өмір сүрген батырға елдің түкпір-түкпірінен келген ұрпақтары құран бағыштап, арнайы ас берді.

Нәзір ҚОСЫБАЕВ, ТОРАҚ БИДІҢ ҰРПАҒЫ:

Былтырғы жылы осы Шнет ауылының азаматтары тасын аударып, тас шағатай тілінде жазылған… телевидение шақырып, Археологтарды шақырып, ұрпақтары бар ма екен деп, ол хабар бізге де жетті. Оңтүстік Қазақстаннан келді, Шардара, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаарқа, Ағадыр өңірінен.

Торақ би - Кенесары ханмен бірге шайқасып, оның жұлдызшысы болған деген деректер бар. Батыр үшін қайта түлеп, бой көтерген жаңа белгітасты салу екі ай бұрын басталыпты.

Ертай ЖӘНІБЕКОВ, ТОРАҚ БИДІҢ ҰРПАҒЫ:

Осы заманға бұл 6 ұрпағы ауысқан адам. Шежіреден қарасақ бұл кісінің әкесін Боқан деп атаған. Негізі аты дұрысы Досқан. Осындай Торақ бабамыздың басы табылды, осыны қайдан дәлелің бар дегенде, міне, көктасы, құлпытас дейді ғой, сол шыққан ғой. Сонда түгел жазылған. Жер-жерден бұрынғы заманда ескерусіз қалған тарихи тұлғаларды басын көтеріп, сондай шаруа жасалып жатыр.

Ескерткіште Торақ би Досқаұлының 1842 жылы жерленгені жазылған. Одан бөлек бұл төңіректе 6 ғасыр бұрынғы зираттар да кезігеді.

Мұса БАТАЕВ, ТОРАҚ БИДІҢ ҰРПАҒЫ:

Мынау Торақ би бабамыздың басына құран бағыштап, өзі елеусіз боп келген. Қаншама билер белгісіз боп қалды. Осы Торақ би бабамыздың өзі белгісіз болып, осы жақында ғана мынау әлемге, мынау жұртқа белгілі болып, естіп жатырмыз.

Ақмола облысында 1032 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Аталмыш жәдігер де осы тізімге қосылып, енді мемлекеттің қарауында болады.