Русский Сайттың толық нұсқасы

«АЭС-тің Балқаш көліне тигізер зияны жоқ»,- сарапшы

АЭС-тің Балқаш көліне тигізер зияны жоқ. Сарапшылар осылай дейді. Сөздерінше, Балқаш көлінің суы ядролық реакторды суытуға тікелей қолданылмайды. АЭС-тің мұндағы суды тұтыну көлемі Балқаш көлінің 0,3 проценті ғана. Сондай-ақ сарапшылар Чернобыль мен Фукусимадағы апаттарды еске алып, АЭС құрылысына күдіктене қараған жұрттың үрейін сейілтті. Айтуларынша, ядролық реакторлардың қазіргі буындарында қауіпсіздік деңгейі жоғары. Сондықтан Чернобыль апатының қайталану ықтималдылығы 10 млн жылда бір оқиғаға тең. 

Нұржан МҰХАМЕДОВ, ҚР ҰЯО РМК «АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ РЕАКТОР ОТЫНЫН СЫНАУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі кездегі реакторлар үшінші плюс және үшінші буынды ядролық реакторлар. Олардың негізгі мақсаты - осы электр энергиясын өндірумен қатар осы қауіпсіздікке ең үлкен көңіл бөлінген болатын. Және де осы реакторлардың қауіпсіздігіне келетін болсақ, оларда пассивті және активті қауіпсіздік жүйелері бар. 9 баллдық жер сілкінісіне төзіп бере алады.