Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол апатынан жеті айдың ішінде 165 бала көз жұмды

Астанада екі күннің ішінде үш бала саусағынан айырылып қала жаздады. Қаладағы сауда орталықтарының бірінде эскалаторға қолдары қысылып қалған. Үшеуінің де жасы 2-3 шамасында. Жалпы мұндай жағдай елімізде жиі тіркеледі дейді мамандар. Терезеден құлау дерегі бойынша 249 жағдай тіркелген. Шомылу маусымы басталғалы елде 46 бала суға кеткен. Ал 19 бүлдіршін тілсіз жаудың құрбаны болды. 

ЖАННА ДӘУРЕНБЕКОВА, ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ НОРМАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Балалардың отпен ойнау себебінен 94 оқиға тіркелді. Мысалға келтіретін болсақ Атырау облысы Құлсары қаласында отпен ойнау салдарынан жеке үйде өрт шығып екі бала 2009 жылы туған балалар қаза тапқан. Және ақпан айында Ұлытау облысында қайғылы жағдай болды үш бала 2018,2019,2021 жылы туылған үш бала қараусыз қалып диванды өртеп жану өнімдерінен уланып қаза тапты.

Сондай-ақ, биыл жеті айда 165 бала жол апатынан қайтыс болды. Сала мамандарының айтуынша, оқыс жағдайға оқушылар жиі ұшырайтын көрінеді. Қайғылы жағдайлардың болуының басты себебі, жастардың жол ережелеріне салғырт қарауы дейді құзырлылар.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АРНАЙЫ ТАПСЫРМАЛАР БОЙЫНША АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

26 шы тамыздан бастап алтыншы қыркүйек арасында "Абайлаңыз, балалар!" жедел профилактикалық іс-шарасын бастаймыз. Бұл шараның барысында жол және коммуникация қызметімен бірлесіп, мектептер айналасындағы инфрақұрылымдар тексеріледі. Республикада 7000 нан аса мектеп бар болса, сол мектептердегі оқушыларды жолдағы қауіпсіздікке үйрету жағдайын тексереді.