Алматы маңындағы 6 бірдей ауылдың тұрғындары қолаңса иіске тұншығып отыр. Айтуларынша, бүкіл ауылды мезі қылған мүңкіген иіс сол маңдағы қоқыс полигонынан келеді. Осының кесірінен балалардың денсаулығы сыр бере бастады дейді.
Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Біз қазір Әйтей ауылынан 2 жарым шақырым жердегі полигондамыз. Мұнда бүкіл Алматы қаласының 60% қоқысы, облыстан шығатын қалдықтың 40% жеткізіледі. Жақын маңдағы 6 ауылдың тұрғындары желді күні қолқаны қабатын қолаңса иіске тұншығатындарын айтады.
СЕРІК ЕСБОЛОВ, ӘЙТЕЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Сол иіс жел көтерілсе батысқа қарай көтерілсе біздің Әйтейге келеді, шығысқа қарай көтерілетін болса мына көрші ауылдарға барады. Үштерек Арай ауылдарына барады.
Иістен әбден зәрезап болған тұрғындар жергілікті биліктен көмек болмағанын айтады.
АЙЖАН НҰҒМАНОВА, ҮШТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бұлар айтады, бізде пищевой отход бар сол иіс шығады дейді. Бұл жерде пищевой отход та барлығы бар. Өте үлкен свалка. Біз әкімшілік тарапына да сұрақ қойғанбыз. Бізге көмек беріңіздер. Постоянно жазамыз группаларға да . Әкімнің сонда жауабы сасық жақтан неге жер аласыздар. Біздің әкімшіліктен де ешқандай көмек жоқ.
Ал, Әйтей ауылының әкімінің орынбасары халық тарапынан ешқандай шағым түспегенін айтады. Егер арызданса, тиісті жұмыстарды жүргіземіз дейді.
ӘКІМЖАН ЖҮНІСОВ, ӘЙТЕЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Халыққа айтқанбыз арыз жазыңыздар коллективный письмо жазыңыздар департамент экологияға жібереміз деп. Бәрін тексереді, бәрін заң жүзінде жасаймыз деп. Немесе мына петиция ашады ғой. Петиция ашыңыздар деп түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.
Қоқыс төгілетін орынға жауапты кәсіпорын басшысына да бардық. Жауап мынадай:
НҰРЛАНБЕК ИМАНБЕКОВ, КОМПАНИЯНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Енді бұл жерде полигон болғаннан кейін иіс шығады шықпайды емес. Бірақ енді бізде арнайы мекемемен келісімшартқа отырғанбыз. Квартал сайын осында бізден лабораториялық анализ алады. Құм, су, ауадан. Ол жыл сайын тапсырылатын дүние. Ол жаңағы айтып отырған құмға суға нешетүрлі аурулар тарайды деп отыр. Біз енді договорға отырғаннан кейін квартальный тапсырып тұрамыз. Одан бөлек бізде разрешительный документтер бар.
Ең бастысы, ауыл-аймақты жайлаған жаман иісті 1 ай көлемінде жоятындарын айтты. Жомарт Түзелбай, Қанат Кигізбаев, Астана таймс Алматы облысынан.