Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қызылжардағы жылу орталығында үшінші мұржа биыл салынып бітпейді",-мердігер

Қызылжарда жылу электр станциясындағы жаңа мұржаның тапсырылу мерзімі тағы шегерілді. Бұл жайында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы хабарлады. Нысанды биыл салып бітіруді жоспарлаған мердігерлер енді оны тек келер жылдың аяғында бір-ақ қолданысқа бермек. Салдарынан жылу орталығы алдымыздағы қыс мезгілін қайтадан тек екі-ақ мұржамен өткізуге мәжбүр болып отыр.

Данияр ҚУАНЫШБАЕВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қарашаның 15-не дейін біз мұржаның діңгегін салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Қалған жұмыстар келесі жылы қолға алынбақ. Бүгінде дүрбінің 30 метрі салынды. Қалған екі мұржа бойынша бізде техникалық қорытынды бар. Биылғы жылыту маусымында соны қолданамыз. Ал келесі жылы үшінші мұржаны іске қосамыз деген жоспар бар.

Еске салайық, жылу электр орталығындағы үшінші мұржа 2022 жылы жарылып, құлаған болатын. Ізінше оның орнына 180 метрлік жаңа дүрбінің құрылысы басталды. Алайда, көп ұзамай жаңа мұнараның қисық салынып жатқаны анықталып, нысан бұзылған еді. Ағаттық жіберген мердігерлер шығынды өз мойнына алып, аталған мұржаның құрылысын қайтадан қолға алды.