Русский Сайттың толық нұсқасы

400 мыңнан астам вейп жойылды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2024
  • 174

ҚМА еліміздің азаматтарының денсаулығына зиян келтіретін акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

ҚМА баспасөз қызметінің 2024 жылғы 27 тамыздағы таратқан ақпаратына сәйкес, вейптердің таралуына қарсы күрес аясында қылмыстық істерді тергеу барысында тәркіленген шамамен 400 мың бірлік электронды құрылғылар жойылған.

2024 жылдың 20 маусымында вейптарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салатын заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен бері ҚМА вейптардың, хош иістендіргіштердің және оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 25 фактісін тоқтатты.

Көрсетілген кезеңде заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электронды құрылғы, сондай-ақ 7 мың хош иістендіргіш, картридж және буландырғыштар тәркіленді.