Русский Сайттың толық нұсқасы

Футзалдан Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысатын қазақстандық клубтың қарсыластары анықталды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2024
  • 204

Футзалдан қазақстандық "Семей" және "Қайрат" клубтарының Чемпиондар лигасы турнирінің негізгі кезеңіндегі қарсыластары мен ойын кестесі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің ойындарына өнер көрсететін "Семей" мен "Қайрат" клубтары төртінші топқа түсті. Қазақстандық клубтардың тобында португалиялық "Спортинг" пен венгриялық "Халадаш" (Венгрия) командалары бар. Осы топтан үздік шыққан үш команда жарыстың элиталық кезеңіне жолдама алады. Биыл ел чемпионатында “Қайратты” қапы қалдырған "Семей" футзал клубы Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысқалы жатыр. Ал алматылық командасы өз тарихында 21 рет Чемпиондар лигасында бақ сынамақ.

Футзалдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жарыс кестесі:

22 қазан "Семей" – "Спортинг" (Португалия); "Қайрат" – "Халадаш" (Венгрия).

23 қазан "Халадаш" (Венгрия) – "Спортинг" (Португалия); "Қайрат" – "Семей".

25 қазан "Семей" – "Халадаш" (Венгрия); "Қайрат" – "Спортинг" (Португалия).

Айта кетейік, Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің ойындары 22-27 қазан аралығында Алматыда өтеді.