Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада автобус қаққан әйел мерт болды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2024
  • 318

Елордада Тұран мен Сығанақ даңғылдарының қиылысында автобус әйелді басып кетті.

Оқыс оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында болған. Алған жарақатынан әйел тіл тартпай кетті.

- «102» нөміріне Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус Тұран даңғылына оңға бұрылған сәтте реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.