Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірқатар танымал өнімдердің көшірмесін жасап шығаратындар ұсталды

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2017
  • 2253

Бірқатар танымал өнімдердің көшірмесін жасап шығаратындар ұсталды. Пысықайлар оларды жасап, пайда тауып отырған. Бұл туралы мемлекеттік кіріс комитеті өкілдері хабарлайды.

Белгілі бренд маркаларды пайдаланып жалған өнім шығарып сатқандардың үстінен 133 іс қозғалды, 98-і өз жазасын алған. Контрафактілік өнімдердің басым бөлігі Алматыда әшкереленіпті. Заңсыздықтың алдын алу үшін, Кіріс комитеті ішкі істер органдары және кәсіпкерлер палатасымен келісім жасасқан.

Гүлнәр Нағызханова, ҚР Қаржы министрлігі, мемлекеттік кіріс комитеті профилактикалық жұмыс және  бақылау басқармасының сарапшы-офицері:

«Пиала» шайы, «Маккофе» танымал брендтері мен алкогольдік өнімдері және ән жазылған дискілер жасаған. Сондай-ақ «Алматыкітап» баспасының оқулықтарын дайындаған цехтар әшкере болды.