Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылында 10 жастағы қыз көлікте тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz .
"Мой город" порталының хабарлауынша, аулада ВАЗ көлігі өздігінен өртенді. Қайғылы оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Көліктің салонында 10 жастағы қыз болған, ол қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.