Русский Сайттың толық нұсқасы

Олимпиада ойындарынан кейін өтетін ресми турнирге қазақстандық спортшылар да қатысады

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2024
  • 282

13-15 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді.  

Олимпиада ойындарынан кейін өтетін ресми турнирге қазақстандық спортшылар да қатысады. 

Загреб төрінде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:  

Ерлер 

 60 келі: Шерзод Давлатов 

 66 келі: Жанарыс Рахметқали, Нұрқанат Серікбаев 

 81 келі: Асқар Нарқұлов, Руслан Мұсаев 

 90 келі: Ермахан Әнуарбеков, Айбол Нысаналы 

 100 келі: Құдырет Досымов  

Қыздар 

 48 келі: Ғалия Тынбаева 

 52 келі: Толғанай Әбеуова 

 63 келі: Самалай Ерғалиева 

 78 келі: Аруна Жангелдина 

 +78 келі: Ақерке Рамазанова, Карина Такиева