Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс министрі армиялық спортшы олимпиадашыларды марапаттады

Қорғаныс министрі армиялық спортшы олимпиадашыларды әскери атақтар, медаль және сыйақылармен марапаттады. Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевқа министрдің бұйрығымен мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің спортшы-нұсқаушылары Нариман Құрбанов пен Демеу Жадыраев, сондай-ақ қатардағы жауынгер Ислам Сәтбаев ведомстволық «Ел қорғаны» медалімен марапатталды. «Қарулы күштердің үздігі» медалімен Олимпиада ойындарына қатысушы боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы наградталды. Ал қалған қатысушыларға ақшалай сыйақы берілді. .Олимпиадаға Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының 21 спортшысы бокс, дзюдо, ату, бадминтон, ескек есу, спорттық гимнастика, күрес, спорттық альпинизм, таеквондо, заманауи бессайыс және жеңіл атлетика секілді 11 спорт түрінен қатысты. 

ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ, ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Медаль алғаныма қуаныштымын олимпиададан. Сезім ерекше, керемет айтып жеткізе алмайсыз оны. Сол қуанышттымын қолдап жатқандарыңызға, қолдап жанкүйерлік танытып жатқандарыңызға алғысымды білдіремін. Өзіміздің оқу жаттығу жиынының барлығы ойдағыдай жоспар бойынша өтіп, дайындалып сол жарысқа барып өнер көрсетіп медальмен оралдық. Медалімізді елеп-ескеріп құрмет көрсетіп жатыр. Қолдап жатыр соған рахмет.