Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде көлігіне тыйым салынған сигналды орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2024
  • 187

Абай облысының полициясы жедел қызметтердің арнайы сигналын пайдаланғаны үшін G-Wagen жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Семей қаласының патрульдік қызметкерлері Mercedes-Benz G-класты маркалы автокөлікті тоқтатты, капот астындағы кеңістікті көзбен шолып тексеру кезінде 27 жастағы жүргізушіде орнатуға рұқсаты жоқ СГУ орнатылғаны анықталды.

«Жас жігіт жасаған әрекеттері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 2-бөлігі бойынша "көлік құралында арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтердің автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз қолдану" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Көлік құралы арнайы айып тұрағына орналастырылды.

Әкімшілік материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды, онда жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды.