Павлодар облысында 1,5 жасар бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Дәрігерлер баланың жағдайы қандай екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"28 тамызда сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2022 жылы туған ұл бала жеткізілді. Ол бесінші қабаттан құлаған. Баланың жасы – 1 жас 8 ай", деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бала тексеріліп, жабық бас жарақаты, ми шайқалуы диагнозы қойылды", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығы.
Бала травматология бөлімшесіне жатқызылды.