Русский Сайттың толық нұсқасы

Есірткі контрабандасын ұйымдастырған күдікті Ресейден экстрадицияланды

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2024
  • 326

Бас прокуратура Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен жылдың маусым айында ол адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 кг-ға жуық героин мен салмағы 10 кг-нан асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті халықаралық іздестіруге жарияланды.

«Өткен жылдың тамыз айында ол Мәскеуде ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады прокуратура.

Айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.