Русский Сайттың толық нұсқасы

Су қоймалары толық бақылауда - АШМ

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2017
  • 2645

Елімізде  алты облысты су басу қаупі бар. Олар Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары. Дегенмен жағдай толықтай бақылауда,- дейді су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев.

Қазір арнайы құрылған инспекцияның атсалысуымен 900-ге жуық гидротехникалық су құрылымдары тексерілген. Жұмыс әлі де жалғасуда. Су қоймалардың иелері түгелдей дерлік қауіпсіз жұмыс турасында құлағдар етілген, дейді министрліктегілер. Дегенмен ауа райының күрт жылынуына байланысты қауіп бар. Алдымен топан су оңтүстік өңірлерге келеді,- дейді комитет төрағасы. 

Ислам Әбішев, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы:

Қауіптеніп жатқан дұрыс шығар, мен оған нақты айта алам, республикадағы су қоймалары, жеке қолдағыдан басқасы, оптимальді режимде тұр. Ал, аномалды режим болса, оған да дайындық жасалған. Ал егер одан да көп су келсе, енді ол.....Алла одан сақтасын.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде жаңбырлы ауа-райы болады деген болжам бар. Мамандарды әсіресе осы жағдай алаңдатады. Ал солтүстік өңірлерде қардың тез еруінен келетін қауіп басым. Дегенмен Ислам Әбішев әзірге ауа райы тұрақты, тұрғындардың алаңдауына себеп жоқ деп отыр.