Русский Сайттың толық нұсқасы

Көшпенділер ойыны: Ашылу салтанатына билеттер сатылып кетті

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2024
  • 210

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық жұмыстары аяқталған.

Қазір Көшпенділер ойынына аз уақыт қалды. Ойындарға дайындықты толықтай аяқтадық десек болады. Бүгінгі таңда ойындарға билеттер сатылымда. Ашылу салтанатындағы билеттердің бәрі сатылып кетті. Билеттер қалмады. Ойындарға алуға болады. Қазір 10 мыңнан аса билет сатылды. Ең қызығушылық танытып жатқан спорт түрлерінің арасында жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, көкпар, бәйге. Билеттердің белгіленген бағадан қымбат сатылмауы үшін алыпсатарларды да қадағалап, сол бойынша жұмыс атқарып жатырмыз, - деді ДКО ойындарын дайындау және өткізу дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев.