Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мемлекет басшысының тапсырмалары толық орындалып жатыр деп сеніммен айта аламыз", - Е. Қошанов

Елімізде инвестиция көлемі 15 триллион теңгеден асатын 17 ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл 26 мың жұмыс орнын құруға және импортқа тәуелділікті 1 жарым триллион теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты. Жиында Премьер-министр Президент Жолдауларының орындалуы жөнінде ақпарат берді. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әл-ауқатын арттыруға және елді дамытуға бағытталған ауқымды міндеттер қоятынын атап өтті. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысының барлық Жолдаулары, сайлау кезінде берілген уәделері, берілген тапсырмалары толық орындалып жатыр деп сеніммен айта аламыз. Олар әр азаматтың, әр отбасының, әр қаланың, әр ауылдың негізгі мәселелерін шешуге бағытталған тапсырмалар. Сондықтан алдағы уақытта да осы қарқынды бірге бәсеңдетпеуіміз керек. Парламент, Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам үйлесімді, әрі тиянақты жұмыс жасауы қажет.