Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы "Астана жұлдызы" монументінің айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді

"AMANAT" партиясының бастамасымен "Астана жұлдызы" монументіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл стелла әуежайға апаратын тас жолдың бойында орналасқан. "Таза бейсенбі" акциясы аясында белсенділер ескерткішті жуып, айналасын ретке келтірді. Алдағы уақытта бас қаладағы өзге де мүсіндер мен киелі орындарда тазалық өтеді. 

Ерқанат ИСКАКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Басты мақсатымыз осы келе жатқан ұрпаққа тазалыққа деген көзқарасын өзгерту, мәдениетін қалыптастыру. Қатысып отырған біздің волонтерларымыз бар “Жастар рухы”, және де Дирекция Музеев, солардың мүшелері қатысып отыр. Басқа да монументтерді сол қай жері ластанып тұр, нетіп тұр, соның бәрін біз тазалаймыз.