Русский Сайттың толық нұсқасы

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ат спорты секциясы ашылды

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ат спорты секциясы ашылды. Енді жоғары оқу орындарының студенттері ұлттық спорт түрімен тегін айналыса алады. Секцияның ашылу салтанатына орай садақ ату, арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, күрес түрінен сайыс ұйымдастырылды. Айта кетейік, елордада дәл осындай бес ат клубы жұмыс істеп тұр. 

ЕРБОЛ ТАСЖҮРЕКОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бұл - үлкен іс-шара тарихи мәні бар, маңызы бар оқиға. Өйткені біздің жастарымызды, студенттерімізді болашақ ұрпағымызды спортқа бейімдеу, жылқыны толық меңгеру, ат шабу, бос уақытысында спортпен шұғылданатын үлкен іс-шара.

АНАС БАҚҚОЖАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жылқы өндіру деген ет өндіруде де, қымыз өндіруде де пайдасы болса, спортта да оның пайдасы кем емес. Құры айта салу... Иә жылқы керек жылқы шаруашылығын қазақ жақсы көреді деп айту, құры сөздің төңірегінде қалмау керек. Егер сіз жылқыны шын сүйесіз ба? Осында келіңіз алаң дайын міні пайдаланыңыз.