Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы Теміртаудағы металлургия комбинатында қоғамдық қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы әр түрлі кәсіпорындарда өтіп жатыр. Бұл жолы мамандар Теміртаудағы «QARMET»-тің металлургиялық комбинатына барды. Азаматтарды мобильдік қабылдау кәсіпорынның бақылау бөлімінде өтті. Металлургтер салық және полиция департаменті, прокуратура, халыққа қызмет көрсету орталығы мен жұмыспен қамту бөлімі, бірыңғай зейнетақы қоры,жеке кәсіпкерлік палатасының мамандарымен тікелей сұқбаттасып, кеңестер алды. Тіпті сот орындаушылар да келген. Қабылдау барысында кәсіпорын қызметкерлерінен 40-тан астам сауал түсті. Көбі тұрғын үй, жол, арнайы әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен еңбек даулары және зейнет жасына қатысты. Аманаттықтар оларға тиісті жауап берілетінін айтты. 

МҰРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, МЕТАЛЛУРГ:

“Amanat” партиясының арқасында осындай кездесу болып жатыр. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Біз өзіміз постоянно жұмыста болғаннан кейін қолымыз тимейді. Осындай отырыстар жиі болсын деп ойлаймын”.

НҰРКЕЛДІ ОМАРХАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ “QARMET" АҚ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

“Бұл мобильдк қабылдаудың ерекшелігі жұмыс арасында жүрген жұмысшылар осы жерге келіп тегін заңдық кеңес алады. Бұл форматтағы жұмыс әрі қарай жалғасатын болады. Жалпы біздің филиалға 8 айдың қорытындысы бойынша 50 адам жүгініп оның 80 пайызы оң шешімін тапты”.