Русский Сайттың толық нұсқасы

81 жастағы миллионер 26 жастағы қызға үйленді

  • AstanaTV
  • 30 тамыз 2024
  • 257

Германияда миллионер Хорст-Дитер Эш 26 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Алинаға үйленген. Ерлі-зайыптының шаңырағында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

BILD жазуынша, Эш 1970 жылдары ГФР-де құрылыс машиналары саласында табысты бизнес құрған. 1980 жылдары ол АҚШ-қа қоныс аударып, Нью-Йоркте модельдік агенттігін ашқан. Эш қазір Мексикада тұрады. Ол элиталық жылжымайтын мүлік сатумен айналысады.

Кәсіпкер Алина есімді арумен некеге тұрды. Мамыр айында Хорст-Дитер мен Алинаның қызы Марселина дүниеге келген.

«Ол өте бай отбасынан шыққан, сондықтан мәселе байлықта емес. Мен оны ата-анасының үйінде еркелеткендей еркелетуге тырысамын. Біздің қарым-қатынасымыз ақшаға тәуелді емес», - деп сұхбат берді Эш.

Қазір ерлі-зайыптылар Еуропадан үй сатып алғысы келетіндерін айтқан.