Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада өзгенің көлігін қасақана бүлдірген адам қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2024
  • 234

Астанада өзгенің көлігін қасақана бүлдірген адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін (ӘҚБтК-нің 147-1-бабы, 1-бөлігі) Т.-ға қатысты істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Т. жәбірленуші М.-ға тиесілі көлік құралын теуіп, айнасын, алдыңғы бампері мен жарық шамын қасақана бүлдіріп, материалдық шығын келтірген. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Жасалған құқық бұзушылық бейнежазбада, полиция инспекторының баянатында және жазбаша түсiнiктемеде қамтылған нақты деректермен расталды. ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдануды көздейді.

Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Ал мас күйінде құқық бұзушылық жасауын сот жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде таныды.

Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК 147-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ӘҚБтК 40-бабының 2-бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін жасалған әрекеттің мәні мен қоғамға қауіптілік дәрежесі ескеріле отырып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.