Үкіметте Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі-дала жұмыстары мәселелері жөніндегі жеделштабтың екінші отырысында егін жинау науқаны бойынша жағдай талқыланды.
Алты облыстың – Ақмола, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, СҚО және Павлодар фермерлері кептіру агрегаттары үшін қосымша 67,7 мың тонна дизель отынын және 21,5 мың тонна сұйытылған газды бөлуге 495 өтінім берді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, өңірлерде барлығы 1 301 астық кептіру агрегаты бар, оның ішінде дизель отынымен 1 043 (80%), сұйытылған газбен - 258 (20%) жұмыс істейді.
Вице-премьер Серік Жұманғарин Энергетика министрлігіне астықты кептіру үшін өңірлерді дизель отынымен және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді тапсырды.
Астық кептіргіштердің едәуір санына қарамастан, солтүстік аймақтарда тағы 76 қондырғыға қажеттілік бар. Жеделштабта ауыл шаруашылығы өнімдері үшін кептіргіштерді сатып алуға шығындардың 30% - на дейін өтеу бойынша инвестициялық субсидиялау көзделгенін атап өтті.
Өз тарапынан “ҚазАгроҚаржы" фермерлерге кептіру агрегаторларын лизингке беру үшін қажетті іс-шаралар өткізді. Бірақ оларға әлі өтініштер түскен жоқ.
Дәнді дақылдардың негізгі жиналуы күзге дейін созылатындығын ескере отырып, уақтылы өтініш берген кезде кептіру қондырғылары егін жинау науқанының ортасында тапсырыс берушілерге келе алады.
Көлік министрлігі астықты экспортқа және ел ішінде тасымалдау бойынша жедел штаб құру туралы хабарлады. Мемлекеттік органдардан, әкімдіктерден және ҚТЖ-дан басқа, жеделштабқа қатысушылар қатарына Азық-түлік корпорациясы мен "Атамекен" ҰКП кіреді. Бүгінгі күні жеткізілім жағынан мәселелер болған жоқ.
Отырыста сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі тарапынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленгені айтылды. Құжат жобасы "Атамекен" ҰКП және салалық қауымдастықтармен келісілді.
Жедел штабта біз барлық туындайтын жедел мәселелер бойынша жинақтап, олардың проблемаға айналмауы үшін шешім табуымыз керек,-деп қорытындылады вице-премьер. - Біздің бүгінгі міндетіміз - егін жинау үшін барлық қажеттімен фермерлерді қамтамасыз ету. Сонымен қатар экспорт мәселелерін шешу.