Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да электр желілерінің 80 пайызы тозған

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2024
  • 343

Батыс Қазақстан облысында электр желілерінің 80 пайызы тозған. Биыл жарықпен қамту кәсіпорны тарифтен түскен және ел қазынасынан бөлінген қаражат көмегімен қосалқы стансаларды жөндеп, бағандарды жаңартуға кірісті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі uralskweek.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Инвестициялық бағдарлама аясында 15 нысан жөнделеді. Қаладағы электр желілері 60-шы жылдары тартылғандықтан, әбден ескірген.

Желілерді жаңғыртуға 874 млн теңге қарастырылған. Оның 602 млн-ы тарифтен түскен қаржы болса, 272 млн теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген.

«15 іс-шара қарастырылып отыр жылдың аяғына дейін. Қазір 4 нысанда жұмыс жүріп жатыр. 253 млн теңге қазір игеріліп отыр. Жыл соңына дейін табиғи монополия субъектісі толық соманы игеруге міндетті. Егер игерілмеген жағдайда келесі жылы жұмысты қорытындылағанда, игерілмеген сома тарифті төмендету арқылы қайтадан халыққа қайтарып беріледі», - дейді Гүлжаз Қазыбекова, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы.