Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» «Челси» командасымен 12 желтоқсанда ойнайды

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2024
  • 168

 Елордалық «Астана» командасының қатысуымен өтетін 2024/25 жылғы маусымдағы УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің ойын кестесі белгілі болды, - деп жазды KAZINFORM

Жеребе нәтижесімен қазақстандық клубқа Англияның «Челси», Кипрдің АПОЭЛ және «Пафос», Португалияның «Витория» (Гимарайнш), Уэльстің «Нью-Сейнтс» және Сербияның ТСЦ командалары қарсылас атанды.

Елордалық ұжым өз алаңында 3 қазанда ТСЦ, 28 қарашада «Витория», 12 желтоқсанда «Челси» командаларын қабылдайды.

Ал 24 қазанда сырт алаңда «Нью-Сейнтс», 7 қарашада «Пафос», 19 желтоқсанда АПОЭЛ клубтарымен кездеседі.

«Астана» турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастады, алғашқы айналымда Молдованың «Милсами» клубын (1:0, 1:1) қапы қалдырса, одан кейін Румынияның «Корвинул» командасынан (2:1, 6:1) басым түссе, плей-офф сатысында Норвегияның «Бранн» клубын (0:2, 3:0) тізе бүктірді.