Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс төрағасының орынбасары СІМ сынға алды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2017
  • 2131

Экономикалық дипломатияны күшейту қолға алынбақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Айтуынша, экономикалық дипломатияны күшейту үшін министрлікті жұмысын қайта құруға назар аудару қажет. Бұл шетелдік инвестицияларды тарту мен отандық тауарларды экспорттау. Сондай-ақ халықаралық аренада Қазақстанның мүддесін қорғау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп, кадр саясатын жетілдіру, - деді Қайрат Әбдірахманов.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Мемлекет басшысы дипломатиялық қызмет органдарының кадрлық саясатын одан ары жетілдіруді атап өткен болатын.  Біз аталған тапсырмаларды орындау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бірақ мойындау керек бұл салада кемшіліктер әлі көп.

Министрліктегі кемшіліктер депутаттардың да назарынан тыс қалмады. Бүгін үкімет сағатында Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко, қазақстандық тауарлар шетелде дұрыс жарнамаланбайды деп, ведомствоны сынға алды. Оның айтуынша, 90 ел қатысқан Германиядағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде Қазақстанның бір де бір өкілі болмаған.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Германиядағы жәрмеңкеде Қырғызстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Украинаның стендтері болды. Қазақстан ғана жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарларын қалайша шет елдерге танытамыз? Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың экономикалық институттары отандық өндірушілерді өсіру бойынша бағыттарды неге ұмытып кете береді?