Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік салықтың пайыздық мөлшері төмендеп, жалақы қорына салынатын салық өсуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2017
  • 2592

Әлеуметтік салықтың пайыздық мөлшері төмендеуі мүмкін. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай деді. Яғни жұмыс беруші төлейтін 11 пайыз салық екі есеге дейін қысқаруы ықтимал. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Нәтижесін сезіну үшін, 1,5-2 есеге дейін қысқарту керек. Бірақ мұны салық реформасы жөнінде құрылған жұмыс тобы қарап жатыр. Әлі Үкімет бекіткен жоқ. Нақты сандарды айтуға әлі ерте. 

Бүгінде қазақстандықтардың жалақы қорынан төленетін жалпы салық мөлшері 36%-ды құрайды. Оған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2% қосылады. Аталған жарна 2020 жылға  дейін 5-7 пайызға өсуі мүмкін. Және келесі жылы зейнетақы қорына жұмыс беруші қосымша тағы 5% аударуы керек. Министрдің мәлімдемесі жұмыс беруші кәсіпкерлерге түсетін салмақты азайтумен байланысты.

Меруерт Махмұтова, экономист, "Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының" директоры:

36 пайыздан 48-ге емес, 42 пайызға дейін өсуі мүмкін деген сөз. Салықтың өсу жолын қысқартып қоймайды, бірақ, былайша айтқанда, бизнестің көңілін көтеретін ұсыныс деп ойлаймын.