Русский Сайттың толық нұсқасы

Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2024
  • 360

Синоптиктер қыркүйекке арналған консультативтік ауа райы болжамын жасады,- "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, қыркүйекте республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп күтілуде, тек республиканың батысында қыркүйектің басында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жауады, үзіліс тек 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман күтіледі.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы: республиканың батысында түнде +8...+15°С, күндіз +23...+30°С; республиканың оңтүстік-батысында түнде +17...+25°С, күндіз +28...+35°С, тек кей күндері ауа температурасының шамалы төмендеуі байқалады;

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде +3...+10°С-тан +10...+15°С-қа дейін, күндіз +17...+25°С-тан +22...+27°С-қа дейін;

Қостанай облысында түнде +2...+7°С-тан +8...+13°С-қа дейін, күндіз +10...+18°С-тан +17...+25°С-қа дейін ауытқиды деп күтілуде, топырақ бетінде үсік болуы ықтимал.

Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында түнде +2...+10°С дейін, күндіз +8...+15°С дейін суытады, топырақ бетінде 2° үсік болуы мүмкін, онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін.

Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8...+16°С-тан +2...+7°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында үсік болуы мүмкін, күндіз +12...+23°С-тан +17...+25°С-қа дейін ауытқиды; республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +22...+30°C-тан +17...+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжануда.