Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО мектептерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 1 543 фактісі анықталды

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2024
  • 297

Шығыс Қазақстан облысындағы білім ордаларында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 1 543 фактісі анықталды. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді. Облыс бойынша 653 білім беру нысаны бар. Оның ішінде 360-ы – жалпы білім беретін мектеп. 

«Оқу жылына дайындық аясында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тексеру жүргізілді. Ғимараттарға кіреберіс жолдарға, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесіне, өрт автоматикасы мен эвакуация жолдарының жай-күйіне, электр жабдықтарының жарамдылығына, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз етілуіне баса назар аударылды. Соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 1 543 фактісі анықталды», - делінген ақпаратта. 

Білім ордаларына өртке қарсы дайындықтың қанағаттанарлықсыз жағдайда екендігі туралы хабарланды. ТЖД мамандары жыл көлемінде қауіпсіз эвакуациялау бойынша барлығы 168 бірлескен жаттығу өткізген.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.