Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда сотталғандарды бостандықтағы өмірге бейімдеу жұмыстары жүргізілуде

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2017
  • 3841

Оралда түрмеден шыққандарды әлеуметтік ортаға бейімдеуге негізделген шара қолға алынды. Сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу көзделген. Мұндай көмек жазасын өтеушілердің бәріне көрсетіледі. Яғни түрмеден шыққасын жұмысқа орналасуына мүмкіндігі бар. Арнайы білімі жоқтар уақытын бос өткізбей, түзету мекемесіндегі колледжде білім алады. Әзірге тас қалаушы мен дәнекерлеуші мамандығы бойынша оқып жатыр.

Бағылан Ойықбаев, РУ-170/2 мекемесі бөлім бастығының міндетін атқарушы:

Ішкі локалдық аймақта Орал колледжі бар. Ол жерде екі мамандық бойынша сотталғандарға білім беріледі. Жыл сайын 60 сотталған қабылданады. Білім алып шыққан сотталғандар сол алған дипломдарымен босап шыққан жағдайда сол мамандықтарымен жұмыс жасай алады.

Былтыр Оралдағы түзету мекемесінен 450 адам босаған, биыл да осынша адам еркіндікке шығуы мүмкін. 11 жылға сотталған Әди Шыртанов үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босады. Асыға күткен әкесімен қайта қауышқан ол бостандықтағы өмірге дайын екенін жеткізді.

Әди Шыртанов:

Бұйырса, иншалла, бостандықта дұрыстап жұмыс жасағым келеді. Бала-шағамды, отбасымды асырағым келеді. 

Еркін КАРИН