Русский Сайттың толық нұсқасы

Алтынай Жорабаева қызына қатысты тағы бір жаңалықпен бөлісті

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2024
  • 360

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева қызының тағы бір жаңалығын сүйіншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің тұңғышы Аяулым тағы бір Қытай елінің университетінен шақырту алды.

“Шок болып отырмын. Өткенде BFSU -ға шақырту алып еді ғой. Енді осы Minzu university of China-дан шақырту келді. Аяулым осы екі университеттің бірін таңдау керек. Қазір осы Minzu университетін қарап жүрміз. Содан кейін BFSU -ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң, шешім қабылдамақ. Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елшінің:” Екі елдің достығы үшін, болашақ ұрпақ жақсы білім алуы тиіс” деп бар көмегін аямады. Не деген бақыт! Не деген қуаныш!”, – деп жазды әнші.

Өнер иесі қызының тілді меңгерудегі асқан қабілетін де айтып берді.

“Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді. Тілге деген қызығушылығы керемет”, – деп жазған еді мәдениет қайраткері.