Президент қоғамды алаңдатқан мәселелерді көтерді. Әсіресе, әскердегі әлімжеттік, су тапшылығы проблемасын шешу, еңбек адамының мәртебесін арттыру, мектептерді көбейту секілді бастамалар көпшіліктің көңілнен шықты.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
АСТАНА
- Билік халықпен санасса біз өзімізді маңызды сезінеміз. Сондықтан халықпен шешкен өте дұрыс деп ойлаймын. Президенттің бұл шешімін мен 100% қолдаймын.
- Кішкентай бала өте көп 2-3 сменда қиналып оқып жатыр. Көп салыну керек.
АТЫРАУ
- Қарабатанда да жұмыс істедім, Теңізде де жұмыс істедім. Жастар жоқ. Дәнекерлеушілер, трактор, погрузщиктер жүргізетін жастар жоқ. Сондықтан олардың беделін асырып, колледждерде көбірек ашып, тартса жақсы болар еді деп ойлаймын.
ШЫМКЕНТ
- Еңбек адамдарын да марапаттауда , мұғалімдер , дәрігерлерді де марапаттау да енді назарға алынып жатыр. Қарапайым адамдардың еңбегі ескерілсін деген мәселені де бүгін атап өтті. Сонысы маған қатты ұнады.
- Қазақстан болашақта саяси экономикалық әлеуметтік тұрғыдан дамыған бәсекеге қабілетті мамандар даярлау арқылы еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенім білдіреміз.