Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында биыл жаңа 17 автобус бағыты іске қосылды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2024
  • 251

Алматы облысында көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Алматы облысы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері 44 елді мекенді қамтитын жаңа 17 автобус бағыты іске қосылған. Осы бағыттар бойынша күнделікті орта есеппен 5 мыңнан астам жолаушы тасымалданады деп жоспарланған.Сондай-ақ Ермек Баймұхамбетов Алматы облысында жөндеу жоспарланған 137,4 шақырым жолдың 85%-ы орындалғанын атап өтті.

- Жалпы қазіргі уақытта 14 жоба аясында 129 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу және 8,4 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, "Қапшағай – Бақанас – Қарой", "Екатеринбург – Алматы" бағыттары және басқа да ауылдарға кіреберіс жолдарда асфальт жабындысы толықтай жаңартылып, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Мысалы, "Шелек – Сарыбұлақ – Ақтұған" бағытында 16,4 шақырым жол жөнделді. Жыл соңына дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін 93%-ке жеткізу жоспарланып отыр, - деді ол.