Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2024
  • 336

Мемлекет басшысы АЭС құрылысына байланысты референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қаулыға сәйкес, республикалық референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтеді. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылады.

«Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын» , - делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.