Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен үйлердің құрылысы екі аптада аяқталады

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2024
  • 320

Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үй құрылысы екі аптада толық аяқталуы тиіс. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров айтты.

Көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе 4087 үй зардап шекті. Бағалау комиссиясының шешімімен 1020 үй жарамсыз деп танылды.

- Жұмыс екігі бөлінді. Барлығы 520 үй сатып алынды. Ал 500 үйдің құрылысы жүргізілді. Оның 300-ден астамы тапсырылды. Ал қалғаны екі аптаның ішінде аяқтап, қолданысқа беріледі,- деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Айта кетейік, биыл көктемде Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі кезде Мұғалжар, Әйтеке би аудандарында барлық үй салынып, сатып алынды.

Ал Қобда мен Ойыл аудандарында жұмыстың бір бөлігі аяқталды.

Ең шалғай орналасқан Ырғыз ауданында 100-ден астам үй салынып жатыр.