Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бала сатпақ болғандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2024
  • 363

Алматы полициясы кәмелетке толмағандарды саудаға салу фактісін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңсыз саудасына күдікті қылмыстық топтың қызметін сәтті тоқтатты.

– 25 тамызда әлеуметтік желідегі “surak.baribar” парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топтың әрекеті туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.