Русский Сайттың толық нұсқасы

ДДСҰ: Маймыл шешегі Африкады 6 айдан соң ғана тоқтауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2024
  • 296

Африкада маймыл шешегінің өршуі жарты жылдан кейін ғана тоқтауы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді.

Санаулы күндерде маймыл шешегіне қарсы 230 мыңдай екпе Конго мен тағы бірнеше елге жеткізіледі.

Бұл вирустың тарауын бәсеңдетуге жеткілікті, деп жазады qazaqstan.tv.

Шілде айында Африканың бірқатар елінде маймыл шешегінің жылдам тарайтын жаңа штамы тіркелді.

Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен айда жаһандық төтенше жағдай жариялаған еді.