Павлодарда «AMANAT» партиясының қатары 300 адаммен толықты. Мүшелікке әр түрлі салада қызмет атқарып жүрген жастар өтті. Соның ішінде «Қазақстан теміржолы» Павлодар станциясының 50 қызметкері партия қатарына қабылданды. Олар елдің дамуын осы партиямен байланыстырады. Сондай-ақ, шара аясында Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында болған тасқын кезінде белсенділік танытқан ауыл азаматтары марапатталды. Оларға «AMANAT» партиясының атынан алғыс хаттар табысталды.
НҰРЛАН СЫДЫРМАНОВ, ҚТЖ ПАВЛОДАР СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Соңғы 2 жылда партия сөзбен емес, ісімен дәлелдеп жатыр. Біздің жұмыс орнымызда кейінгі 2 жылда спорттық алаң салуға көмектесті. Ортақ беседка салды соған да көмектесті. Сол үшін рахмет! Біз партияға келуіміздің себебі партия сөзбен емес, іспен дәлелдеп жатыр.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біз бүгін жаңадан бастауыш партия ұйымын аштық. Бұл өте маңызды іс. Өйткені, бастауыш партия ұйымдары біздің жұмысымызды одан әрі жалғастырушы. Біз саннан гөрі сапаға жұмыс істейміз. Сондықтан да мереке қарсаңында партияластарымызды құттықтап, төтенше жағдай кезінде танбай, талмай қызмет көрсеткен жерлестерімізді марапаттағанды жөн көрдік.