Русский Сайттың толық нұсқасы

"Таза Қазақстан" акциясына қатысушылар "Шымсити" мөлтек ауданының аумағын тазартты

"Amanat" партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кезекті тазалық шарасы өтті. Акцияға партияның қалалық, аудандық филиалдары, Жастар ресурстық орталығы және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралған 100-ден астам адам қатысты. Бұл жолы "Шымсити" мөлтек ауданының аумағы тазартылды. Ондағы көшелерден күл-қоқыстар шығарылып, бейберекет өскен шөптер мен қураған ағаштар жиналды. Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Маусым айынан бері апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін жалпы қала аумағынан 15 тоннадан астам қоқыс шығарылған. 

Сербол БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шымкент қаласы білесіздер, 5 ауданға бөлінген.Сонда кейбір кездерде әлеуметтік желіге шыққан жерлерді біз аламыз, осындай қоқыстары көп жерлерді. Болмаса ауданның шашылып жатқан, қоқыстары көп жерлерді таңдаймыз. Біздің мақсат «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесімізді қосу. Барлығы жасыл қалаға айналу Шымкент қаласын. Әрі қарай экологиялық таза қалаға айналдыру боп табылады.

Бекзат ТӨЛЕБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚФ ТӨРАҒАСЫ:

Апта сайын бізде қоғам белсенділері, медиа саласының, өнер саласының өкілдері бізбен бірге қатысып, белсенді жүріп келе жатыр. Жалпы қатысудың мақсаты -халық арасында осы акцияны кеңінен насихаттау. Қаламызды таза ұстауға шақыру, ұқыпты ұстауға шақыру болатын. Жалпы осы уақытқа дейін біз 2 мыңнан астам жастарды қатыстырдық көктемнен бері. Бұл жұмыс әрі қарай да жүре береді.