Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 12 бас дәрігер жазаланды

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2024
  • 274

Шымкентте 12 қалалық емхананың диспансерлік есебінде тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл өңір прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде анықталды.

«Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.