Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қайраттың" бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2024
  • 234

Александр Кержаков "Қайраттан" кетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Онымен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді.

Кержаков "Қайратты" мамыр айының соңында басқарды. Оның жетекшілігімен команда 12 матч өткізіп, алты рет жеңіске жетіп, үш рет тең түсіп, үш рет қарсыластарына есе жіберді.