Русский Сайттың толық нұсқасы

"Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжаттарға түзету енгізу қажет ", - Д. Малахов

Қаржылық мониторинг агенттігінің жедел кеңес отырысы өтті. Басқосу Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында ұйымдастырылды. Онда агенттік төреағасы Дмитрий Малахов Жолдауда айқындалған міндеттерге сәйкес көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжаттарға түзету енгізу қажет деді. Сондай-ақ контрабандаға, оның ішінде есірткі құралдары мен прекурсорларға қарсы іс-қимыл жөнінде нақты тапсырмалар берді. 

ДМИТРИЙ МАЛАХОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жолдауда мемлекеттік субсидияларды мақсатты пайдалану саласында бірқатар мәселелер бары айтылды. Президент заңға қайшы әрекет ететіндерге тосқауыл қойып, жауапкершілікке тартуды тапсырды. Біз еліміздің 8 аймағында субсидияларды ұрлауға қатысты жүйелі мәселелерді анықтадық.