Русский Сайттың толық нұсқасы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 150 адамға беріледі

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 211

150 қазақстандыққа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында айтылды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста 150 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес 120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқиды. Ал 24 стипендиат әлемнің озық университеттері мен өндіріс орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері қазір басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Тиісінше стипендиаттардың үштен екісінен астамы жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша білім алады.  

Сонымен қатар 33 азамат әлемдегі озық ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды. Жиын барысында Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамадан өтетін үміткерлерді Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйекте жариялаған Жолдауындағы ұстанымдарға сәйкес мұқият іріктеу қажеттігіне тоқталды. Сондықтан ғылыми тағылымдамаға мемлекет үшін аса маңызды әрі экономикада жоғары сұранысқа ие мамандар ғана жіберіледі.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясын және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске асыру үдерістерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мұның бәрі еліміздің ғылыми әлеуетін дамыту жолында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.