Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында сұйытылған газ тапшылығын жою шаралары жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2017
  • 2918

Ақтөбе облысында газ тапшылығын жою шаралары жүріп жатыр. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» және «Қазақойл» компаниялары арқылы қосымша 570 тонна сұйық отын бөлінген. Облыс атқамінерлері ақпарат құралдары өкілдеріне осылай деп мәлімдеді.

Қаладағы барлық газ құю бекеттерінде сұйытылған газды қолма-қол ақшаға беру басталды. Талон режимі азайтылған. Мәселені шешу үшін өңірдегі екі мұнай-газ компаниясынан 357 тонна газ бөлінді. Сондай-ақ, қордан қалған 213 тонна сұйытылған отын әкелінуде. Министрліктен ай сайын облысқа 5 200 тонна газ бөлініп келген. Ал, өңірдің тұтыну көлемі 7 000 тонна шамасында. Сондықтан оныншы сәуірге дейін жоспар қайта қарастырылады, - дейді әкімдік өкілі. Қазір газ тапшылығының себеп-салдарын анықтау мақсатында Энергетика министрлігінен келген өкілдер жұмыс істеуде.

Жанат Жұбанышов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Облыстың қала орталығындағы 25 газ стансасы талонсыз жұмыс істеуде. Қолма қол ақшаға жасап жатыр.  Бастан өткен қиыншылықтар өтті. Дегенмен, қазір де кезек байқалады. Себебі, өздеріңіз білесіздер, барлығы жаппай заправка алып жатыр көліктер. Осы кешке дейін ситуация түзеледі деп ойлаймын.