Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан азаматтығын алушылар емтихан тапсыруы тиіс – А.Перуашев

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2017
  • 2968

Қазақстан азаматтығын алатындар емтихан тапсыруы тиіс. Мәжілістің бір топ депутаты Үкімет басшысына осылай деп сауал жолдады. Олар жайлы өмір сүргісі келетіндердің Қазақстанға ағылуы мүмкін деп алаңдайды.

Еуропадағы босқындар проблемасын алға тартады. Ал азаматтық  алу үшін емтихан тапсыру Австрия, Германия, Канада, АҚШ, Израиль, Оңтүстік Кореяда қолданылады. Кейбір елдерде тіпті еңбек мигранттары мен ұзақ мерзімге виза алушылар да сынақ тапсырады. Мысалы, Голландия мен  Ресейде.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының жетекшісі:

ҚР азаматтығын сұраушыларға емтихан тапсыру туралы нормалар қарастырылуы тиіс. Атап айтқанда, Республика Конституциясы, мәдениеті мен тарихы. Мемлекеттік тіл жөнінде т.б Бұл ұсыныс дискриминацияны білдірмейді. Бірақ ізденішулердің біздің халық пен мемлекетті құрметтеуіне тура келеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ