Русский Сайттың толық нұсқасы

Екінші Павлодарға дейін трамвайлар желісін құру жобасы басталмай-ақ тоқтады

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 308

Ал Достық шағын ауданына жаңа трамвай тармағы салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2023 жылы ақпан айында әкімдікте трамвай жүйесін жаңғыртудың жол картасы талқыланды. Облыс әкімі трамвай жолдарын Екінші Павлодар мен Достық шағын ауданына дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын. Алайда биыл тек бір жоба жүзеге асады. Бұл туралы Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нариман Омар мәлім етті.

– Жаңа «Достық» шағын ауданының трамвай желісін салу жоспарлануда. Трамвай желісінің ұзындығы 4,8 шақырымды құрайды. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жерді сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Нариман Омар.

Оның сөзінше, Естай – Малайсары батыр қиылысында трамвай желісін салу жобасы бойынша қиындықтар туындаған.

– Біз жоспарлау кезеңінде жер астында инженерлік коммуникациялардың болу мәселесімен бетпе-бет келдік. Ертең, егер инженерлік коммуникацияларда қандай да бір мәселе шығып қалса, трамвайлардың жүріп-тұруына қол жеткізу қиынға соғады. Сондықтан да осындай сәттер трамвай желісін қай бағытта дамыту керектігін таңдауда аздап шектейді, – деді спикер.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта трамвай паркінде 110-нан астам трамвай вагоны бар. Көліктің тозу деңгейін төмендету мақсатында 25 энергияны үнемдейтін трамвай сатып алу жоспарлануда.