Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Төраға жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілерін баяндады. Кездесу соңында Президент бірқатар нақты тапсырма жүктеді.